Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

2020 жылдың 3 тамыздан бастап жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтінім қабылдау

ЖАРИЯЛАНАДЫ

 

Бекітемін

«Қаржы орталығы» АҚ

президенті

_______________

Ибраимов А. И.

3 тамыз 2020 жыл

 

Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдаудың басталуы туралы ақпарат

 

Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылатын «Қаржы орталығы»Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтініштерді қабылдау мерзімі

2020 жылғы 3 тамыздан бастап 2 қыркүйекке дейін

(жалпы мерзімі 30 күнтізбелік күннен кем емес).

Өтініш нысаны

Өтініш орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидаларының1 (бұдан әрі – Қағидалар) 12-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Өтініш ұйымның бланкісінде ресімделеді.

МАҢЫЗДЫ:

Өтініш түріндегі деректерді дұрыс толтыру, оның ішінде: жеке білім беру ұйымының атауы, БСН, пошталық мекен-жайы және электрондық пошта және т. б.

Өтініш нысанында көрсету үшін Ұлттық білім беру деректер базасында және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелудің болуын тексеріңіз.

Өтінішпен ұсынылатын құжаттар тізімі

1)      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі;

2)      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3)      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде шотының болуы туралы анықтама.

4)      Оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі – Әдістемеде2 көзделген жекеменшік білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген оқушы орындары бар жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін.

Құжаттарсыз өтініш беру жағдайлары

Бұрын орналастырылған орта білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына ие жекеменшік білім беру ұйымдары Операторға құжаттарсыз, өтініш негізінде орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған жеке білім беру ұйымдарының тізіміне енеді.

Өтініштерді жіберу үшін электрондық пошта

Өтінішті қоса берілген құжаттармен (бар болса) электрондық поштаға жіберу керек p.schoolinvest@gmail.com байланыс телефоны: 8 707 812-19-69, орындаушы: менеджер Нуртаев Айбек Берикжанулы

Оператордың хабарламаны немесе бас тартуды жолдауы

Оператордың жекеменшік білім беру ұйымының Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталған не Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жеке білім беру ұйымын тіркеу болмаған жағдайда хабарламаны не бас тартуды жіберуі, Оператор 3 жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымының өтініште көрсетілген электрондық поштасына не электрондық пошта болмаған кезде өтініште көрсетілген пошталық мекенжайға сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

Оператор хабарламаны электрондық поштаға жіберген немесе оны пошталық мекенжайға алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымы операторға Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта ұсынады.

Оператор қоса берілген құжаттармен бірге жекеменшік білім беру ұйымының өтініші қайта келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

Жекеменшік білім беру ұйымының Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды беру не мемлекеттік сатып алу веб-порталында жекеменшік білім беру ұйымын тіркеу болмаған фактісі қайталап анықталған жағдайда, Оператор жекеменшік білім беру ұйымының өтініште көрсетілген почталық мекен-жайына немесе электрондық поштасына орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудан негізделген және дәлелді бас тартуды жолдайды.

Тізбені қалыптастыру және орналастыру

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары Қағидаларға сәйкес келетін өтініштер мен құжаттарды ұсынған кезде Оператор интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей www.fincenter.kz жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдаудың басталуы туралы ақпарат береді, орындар санын көрсете отырып, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурста жариялайды www.fincenter.kz.

Ескертулер:

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы   29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.

2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы.

 

Яндекс.Метрика