Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения: Вкл. Выкл.

ИНВЕСТОРДЫҢ КОМПАСЫ

 

  


   Жеке меншік мектептердің құрылысы туралы



Жекеменшік мектептер желісін дамыту мақсатында «Білім туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізілді – осылайша, жекменшік мектептерде орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру мүмкіндігі пайда болды.


Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына тиісті толықтырулар енгізілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген).

Осы бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін балалар контингентін жасақтау – қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерімен жүргізіледі. 

1-қадам – білім беру бөлімі күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде интернет-ресурсқа мемлекеттік тапсырысты алуға өтінім қабылдаудың басталғаны туралыақпарат орналастырады. 

2-қадам – жекеменшік мектеп күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмеген мерзімде білім беру бөліміне өтінімбереді. Конкурсқа қатысу үшін мектеп келесі құжаттарды ұсынады: 
1) Комиссия төрағасының атына өтініш; 
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі; 
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 
4) жарғының көшірмесі; 
5) екінші деңгейлі банктермен берілетін банк берешегінің жоқтығы туралы анықтама (еркін нысанда); 
6) мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін берешектің жоқтығы (болуы) туралы анықтама; 

3-қадам – білім беру бөлімі конкурс өткізу мерзімдерінкүнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірілмеген мерзімде белгілейді. 

4-қадам – мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Комиссия құрылады, оның құрамы білім беру бөлімімен бекітіледі. Комиссияның құрамына жергілікті өкілдеуші және атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, педагогтар мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия тақ санды көлемнен тұрады, бірақ бес адамнан аз болмауы тиіс. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен, отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым дауыс басымдылығымен қабылданады және отырыс хаттамасымен рәсімделіп, төрағаның қолы қойылады. Дауыстар теңдей болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 

5-қадам – Комиссия отырыстан кейін 3 жұмыс күні ішінде орындар санының көрсетілуімен мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған мектептер тізімін бекіту туралы шешім шығарады. 

6-қадам –Комиссияның шешімі білім беру бөлімінің интернет-ресурсында жарияланады. 

Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектептер конккурстан өтпестен отырыс хаттамасына енгізіледі. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысымен: «Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке каптиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады»делінген  2018 жылғы 10 қаңтарындағы«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, Оқытудың кредиттік технологиясының ескерілуімен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, жоғары білім мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына қатысты қаржыландыру әдістемесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес жаңадан енгізілетін жекеменшік мектептер үшін жан басына қатысты нормативтік мөлшері анықталды*. Нормативке жекеменшік инвесторлардың жаңа оқушы орындарын енгізгені үшін ынталандыру компоненті енгізілді. 

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру – жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру туралы акті алынып, білім беру қызметімен айналысу құқығын беретін лицензия алынып, ата-ананың таңдауы бойынша оқушылар қабылданғаннан кейін жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн. 

Мектеп құрылысына жұмсалатын шығындарды өтеу шарттары: 

·      Жылына 1 оқушыға 96 АЕК мөлшерінде күрделі шығындар мен ЕБД сыйақысының бір бөлігін өтеуге арналған ынталандыру компонентін төлеу; 

·      Ынталандыру компоненті іс жүзіндегі әр балаға төленеді, бірақ жобалық қуаты бойынша санынан аспайды; 

·      Жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты 20 жыл бойы өзгертілмейді;

·      8 жыл өткеннен кейін мұндай мектеп үшін жан басына қатысты норматив мөлшері ынталандыру компоненті сомасына азайтылады;

·      Бір заңды мекенжай бойынша бір ғимаратқа ынталандыру компонентін төлеу 1 рет жүргізіледі. Әрі қарай табысталған жағдайда (сатып алу/сату, сыйға тарту),ынталандыру компонентін төлеу қайта жүргізілмейді.



Бұл шаралар орта білім беру саласына жеке инвестициялар салуды белсендендіру бойынша импульсбереді, мемлекеттік мектептердің жүгін ішінара босатады және оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге жәрдемдеседі. 

* Орта білім беретін жекеменшік ұйымдардың жаңадан енгізілетін орындары – жаңадан салынған ғимараттар (жаңа жекеменшік білім беру ұйымы), жаңадан салынған жапсарлас құрылыстар (жұмыс істейтін жекеменшік білім беру ұйымы) болып табылады.

Яндекс.Метрика