«Қаржы орталығы» АҚ 2019 жылдың 13 қыркүйегінде Түркістан қ. «Атамекен» АКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» алаңдарында «Road Show» форматындағы ақпараттық түсіндіру акциясының аясында студенттік жатақханалар мен жеке меншік мектептерді салу мәселелері бойынша іс-шаралар өткізілді.
Кездесулер барысында Түркістан қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы мен оқу орындары үшін әлеуметтік нысандарды салу жобаларына қатысудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шараға Түркістан қ. мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, инвесторлар, қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары, басқа да мүдделі кәсіпкерлер қатысты.





Сұрақтар бойынша бағдарламаның Операторына хабарласу тетіктері:

8 (7172) 695-127, www.fincenter.kz, www.studdom.fincenter.kz