AQYL - Ең тиімді салымдар!

IMG_3367.PNG

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) кез-келген қазақстандыққа өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашуға нақты мүмкіндік береді. Болашақта оны Қазақстандағы және шетелдегі университеттер мен колледждерде оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады.
Халықтың білім алуына мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету тетігі жыл соңында білім беру депозитіне мемлекеттен сыйлықақы есептелетіндігінде көрніс табады. Жинақтардың табыстылығы банк сыйақылары мен мемлекет сыйлықақылары есебінен қамтамасыз етіледі.
Басқаша айтқанда, жинақталған сомаға жыл сайын 12% -ға дейін банк сыйақысы және 5% немесе әлеуметтік әлсіз санаттағылар үшін 7% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы үстемеленеді.
Бір маңыздысы, мемлекет сыйлықақысына салық салынбайды.
Сонымен қатар, депозит үшінші тұлғалар тарапынан тыйым салулар мен басқа да шектеулерден заңды түрде қорғалған (Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық- процестік, Азаматтық процестік кодекстері; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен).
Бұған қоса, білім беру депозиттері 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.
Депозитті МБЖЖ-ға қатысу үшін екінші деңгейдегі банктерге заңмен қойылатын талаптарға жауап беретін екінші деңгейдегі қаржы институттарында ашуға болады, оның ішінде, мысалы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да сыйақы мөлшерлемесі - 9,8%, «Jysan bank» АҚ-да пайыздық мөлшерлеме - 8,3%, «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ-да сыйақы мөлшерлемесі - 10 , 5%, «Нұрбанк» АҚ-да сыйақы мөлшерлемесі - 12%.