Новости

20

окт

20.10.2017

Казахстанцы создали депозитную «подушку безопасности»...

20

окт

20.10.2017

Казахстанцы накопили на образование 13 млрд тенге ...

19

окт

19.10.2017

АО "Финансовый центр" принял участие в ярмарке ва...

18

окт

18.10.2017

Льготы для учителей и воспитателей попросил Сагадиев в Прав...


 Егер мектепке дейінгі және мектеп жасында балаларыңыз бар болса; 
 Егер болашақты ойлайтын ата-ана болсаңыз;
   Егер балаңыз білім гранттарының үйлестірілуіне тәуелді болмасын десеңіз;
   Егер балаңыздың банкте оның болашағына арналған жеке шоты болғанын қаласаңыз, 

онда кірісіңіздің бір бөлігін балаңыздың келешекте Қазақстанда не шетелде білім алуына жинақтауды бастайтын кез келді!  

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде білім беру депозитін ашып, ай сайын банктен сыйақы (банкке байланысты 14%-ға дейін) және жылына бір рет мемлекеттен сыйлықақы (5% немесе 7%) алатын боласыз.

 7% сыйлықақы басымдылықты санаттағыларға: жетім балалар, мүгедектер, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларындағы балаларға беріледі. 


мавав.PNG
 Осылайша депозит бойынша жалпы табыстылық жылдық 21%-ға дейін болады. 

Көрнекілік үшін ай сайынғы жарналар әртүрлі болғандағы жинақтаудың үлгі есептерін алып көрелік. Мысалы, бастапқы жарна 7000 теңге, банктің пайызы 13,5%, мемлекет сыйлықақысы 5% болғанда:

аипарипеа.PNG

 Жоғары табыстылық және пайыздардың капиталдандырылуы жинақты ақшаның құнсыздануынан қорғап қана қоймай, қомақты қор жинауға мүмкіндік береді. Өйткені, пайыздардың капиталға айналуы салым бойынша жиналған пайыздардан қосымша депозиттік пайда алуға мүмкіндік береді.

  Қазіргі уақытта депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелердің төмендеу үдерісі байқалуда, сондықтан МБЖЖ шеңберінде банктің 12% -14% ағымдағы пайыздық мөлшерлемелерімен депозит ашуға асыққандарыңыз жөн. 

 Айта кететін маңызды жайт, бұл депозит үшінші тараптардың тыйым салулары мен басқадай шектеулерінен заңнамамен қорғалған (ҚР Азаматтық кодексімен; ҚР Қылмыстық-процестік кодексімен; ҚР Азаматтық процестік кодексімен; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңымен; «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңымен).

Сондай-ақ білім беру депозиттері 10 миллион теңгеге дейінгі сомада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.

 Сонымен қатар, жинақтың сомасы мен мерзімдерін салымшы өз бетінше белгілейтіндігін айта кету керек. Бұл сіздің отбасыңыздың бюджеті үшін өте қолайлы және оған жүк түсірмейді.

Жинақтауды жалғастырып, мемлекет сыйлықақысын ала отырып, оқудың ақысын бөлшектеп төлей алатыныңыз да аса оңтайды.

 Жоғары білім алуға білім грантын иеленген жағдайда салымшы жинағын мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға, оны басқа тұлғаның атына аударуға, білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.

Салымшы кез келген уақытта шартты бұзып, өзінің салған ақшасы мен банктің сыйақысын ала алады. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы мемлекет бюджетіне қайтарылады.

 Статистикаға сүйенсек, халықтың МБЖЖ-ға деген сенімі күннен күнге артып келеді.  Мемлекеттік бағдарлама іске қосылғалы бері 4 жылда 18000-ға жуық салымшы жалпы сомасы 12 млрд теңгеге білім беру депозиттерін ашты.  

 МБЖЖ шеңберінде үнемі әлеуметтік әлсіз топтағы балаларға білім депозиттерін ашуға арналған қайырымдылық іс-шаралары өткізіледі.

Айта кетерлігі, 2017 жылғы 6 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ «Қаржы орталығы» АҚ-пен бірлесіп, Қазақстанның Парламент депу­тат­тарының, көрнекті қайраткерлерінің, бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің аз қамсыз­дандырылған отбасылардағы балалардың атына білім беру депозиттерін ашуына бағытталған «Жарқын болашақтың кепілі!» қайырымдылық акциясына бастау берген болатын.

Бүгін бастасаңыз, ертең балаңыз қалаған білімін ала алады!

 Депозитті ашу үшін МБЖЖ-ға қатысушы банктердің біріне бару қажет, олардың шарттары төмендегідей: 

аирпарн.PNG

 Тағы бір қызықты жайт, мейлі ол екінші жоғары білім, не магистратура болсын,  МБЖЖ-ның көмегімен ересектер де өзінің оқуына ақша жинақтай алады.

Толығырақ ақпаратты  8 (800) 080-28-28 (байланысу ТЕГІН) нөмері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның жедел желісіне хабарласып, немесе www.fincenter.kz, www.depozit.fincenter.kz сайтынан ала аласыз.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/158656-kirisinhizdinh-5-10percent-yn-balanhyzdynh-bolashaghyna-zhinanhyz


Возврат к списку

   

  


Яндекс.Метрика