Новости

20

ноя

20.11.2017

Бесплатно ездить в общественном транспорте смогут школьники...

17

ноя

17.11.2017

Больше иностранных студентов хотят привлечь в Казахстан ...

15

ноя

15.11.2017

С днем финансиста!...

14

ноя

14.11.2017

Казахстанцы стали жертвами криптовалютной аферы...

Баланың бәрі бақытты болуға жаралған - «Болашаққа үлес қосамыз!»акциясы


85

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы республика деңгейінде өткен «Болашаққа қаржы саламыз!» атты игі шараны қолдап, партияның «Бақытты балалық» жобасы аясында «Болашаққа  үлес қосамыз!» атты акция өткізді.

Шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, аймақтық,  аумақтық партия филиалдарының қызметкерлері, «Білім және ғылым» сараптама тобының мүшелері, банк басшылары, қамқоршылар мен балалар,  БАҚ өкілдері қатысты.

«Болашаққа үлес қосамыз!» акциясы екінші дәрежедегі банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолымен – балалардың жоғары білім алуына ықпал ету мақсатында «Бақытты балалық» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

85-0

«Бүгінгі күні 300 баланың  тізімі жасақталды,  мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын банктермен келісім бар, қамқоршылар балаларға шот  ашуда. Ал партия тарапынан  ниет білдірген кәсіпкерлерге, депутаттарға, демеушілер мен бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына балаларды бекіту  бойынша  жұмыс атқарылуда. Бұл игілікті акцияға кез-келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Облыстық партия филиалы бұл мәселені назарында ұстап, жылдың аяғына дейін  300 балаға білім беру жинақтау салымдарын ашу үшін  жұмыс  жасаймыз», — дейді Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Мұқанов.

85-1

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Үмбетов, облыстық мәслихат депутаттары  Қ.Дөнсебаев,  В.Хильниченко,  Д.Молдахалықова, У.Касанов, Талдықорған қаласының әкімі Е.Алпысов, облыстық білім басқармасының басшысы Л.Базарқұлова, Іле аудандық мәслихат депутаты Р.Абилова, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты В.Ким, Кербұлақ  аудандық мәслихат депутаты Т.Жанысбек, жеке кәсіпкер Д.Нұрбаевтар 12 балаға арнайы сертификаттар табыстады.

«Дана халқымыз «Жақсылық жасасаң, балаға жаса», «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен. Қайырымды іс жасау, мейірімділік таныту, жанашыр болу адамзатты  жақсы жағына қарай өзгерте алады. Сол себепті сауабы мол іске атсалысу, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға қамқор болу — әрбір адамның азаматтық борышы. Барша әріптестерімді, жанашыр азаматтарды аталған акцияға қатысып, өз үлестерін қосуға шақырамын»,-дейді облыстық мәслихаттың депутаты Доғдыргүл Молдахалықова.

85-2

Айта кетейік, облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3675 баланың 2779-сі қамқорлықта, 56бала патронаттық тәрбиеге берілген, 817 бала білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернаттық мекемелерінде тәрбиеленуде. Бүгінгі  таңда Алматы облысы бойынша 67 жетім балаға есеп шот ашылып,  қаржылай салым аударылды.

 



Возврат к списку


 
Текст сообщения*
Защита от автоматических сообщений
   

  


Яндекс.Метрика
</