Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бөлігінде Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы және мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу аясында 2019 жылдың 5 желтоқсаны сағат 11.00-де "Қаржы орталығы" АҚ алаңында Akfen Infrastructure Holding түрік инвестициялық компаниясымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, "ASTANA INVEST "Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы" ЖШС, "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ және мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізіледі.  

    Іс-шара барысында әлеуметтік нысандарға инвестициялаудың негізгі мәселелері, атап айтқанда келісім-шарт жасау рәсімдері, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі, студенттік жатақхана мен жеке меншік мектептер құрылысының жобалары шеңберіндегі төлемдердің сомасы мен мерзімдері талқылану көзделуде.

Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 695 127 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.