Новости

21

ноя

21.11.2017

Проведена встреча с представителями Казахстанско-Британског...

20

ноя

20.11.2017

Бесплатно ездить в общественном транспорте смогут школьники...

17

ноя

17.11.2017

Больше иностранных студентов хотят привлечь в Казахстан ...

15

ноя

15.11.2017

С днем финансиста!...

ainaline

Рамазан Әлімқұлов: Білім депозиті оқу шығынының 40 пайызын қысқартады

  АРНҰР АСҚАРОВ · 01.06.2015

Осыдан екі жыл бұрын елімізде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйені енгізу процесінің қалай жүргізілгендігі, білім беру жинақтау депозитінің банктердің басқа салымдарынан артықшылығы және халық арасында оған деген сұраныстың деңгейі жөнінде «Қаржы орталығы» АҚ президенті Рамазан Әлімқұловпен әңгімелескен едік.

 — Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің мақсаты қандай?

— Басты мақсат – ақылы білім алуда халыққа қолдау көрсету. Бұл жүйе Елбасының бастамасымен ашылған. Президент Н.Назабаев өзінің 2011 жылғы халыққа арнаған Жолдауында: «…Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуы тиіс»деген болатын. Осыдан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігі МБЖЖ-ны әзірлеуге кірісті. Бұл жүйені елімізде қолданысқа енгізбес бұрын халықаралық тәжірибеге жүгініп, мұның шетелдегі енгізілу тетіктері мен халықтың оған деген көзқарасы зерттелген. Нәтижесінде, 2013 жылдың қаңтарында «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң қабылданды. Ал, 2013 жылдың маусымында «Темірбанк» АҚ-да бірінші депозит тіркелді.

— Білім беру жинақтау салымының артықшылығы неде?

— Белгілі болғандай, білім беру жинақтау салымына 8%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерде банктің сыйақысынан бөлек 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Бұл оның басқа депозиттерден басты артықшылығы болып табылады. Басымдылықты санатқа жататын салымшылар, оның ішінде: жетім, мүгедек балалар, аз қамсыздандырылған отбасы мен көп балалы отбасының балалары мемлекет сыйлықақысын 7 пайыз мөлшерінде алады. Ал, басқа салымшыларға мемлекет сыйлықақысы 5%-бен есептеледі.

— Бұл депозитті еліміздің қандай банктері жүзеге асырады?

— Бүгінгі таңда білім беру жинақтау депозитін төрт банкте: «Fortebank» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Цеснабанк» АҚ-да ашуға болады. Жуырда жүйеге қатысушы банктердің қатары көбеймек. Мысалға, қазір «Нұрбанк» АҚ-мен алдын ала уағдаластық бар, сондай-ақ «Ресей Жинақ банкі» ЕБ-мен және «ВТБ Банк» АҚ ЕБ-мен келіссөздер жүргізілуде.

Біздің есептеуімізше, МБЖЖ көмегімен тұрғындар өздерінің білім алуға жұмсайтын шығындарын 40 пайызға дейін қысқарта алады. Ал грантқа оқуға түскен жағдайда салымдағы барлық жинақталған қаражат мемлекеттен түскен және банктің қосқан ссыйақысымен бірге толықтай салымшының иелігіне өтеді. Салымшы бұл қаражатты қолма-қол ақшалай алуға, жинақтауды жалғастыруға немесе үшінші тұлғаның атына қайта ресімдеуге құқылы. Осылай, мемлекет оқушылардың жақсы оқып, білім грантын алуға ынтасын қолдайды.

— Қазіргі таңда МБЖЖ-дағы салымшылардың саны қанша?

— Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам адам келешекте білім алу үшін мемлекеттен қосымша бонус ала отырып қаражат жинақтауда. Біздің ойымызша, бұл Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ жүйенің операторы – Қаржы орталығы жұмысының нәтижесі.

— Жүйені енгізуде қандай қиындықтар болды?

— Бүкіл процестің техникалық жұмысын реттеу көп еңбекті қажет ететіні айтпаса да белгілі. Өйткені бірнеше банктің және бірнеше мемлекеттік органның дерекқорын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіруіміз қажет болды. Сонымен қатар, негізгі Заң қабылданғаннан кейін жүйеге қатысушылардың арасындағы үлгілік шарттарды бекіту бойынша нормативтік шығармашылық жұмыс біраз уақытты алды. МБЖЖ-ны іске асыру негізі дайын болғаннан кейін білім беру депозиттерінің шарттары мен басымдылықтарын таныстыру бойынша ауқымды ақпараттандыру жұмысы басталды. Қазіргі уақытта халыққа депозиттің жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру – Қаржы орталығының басым бағыты болып табылады.

Бұл жүйе бойынша халықты жиі мазалайтын қандай сауал?

— Тұрғындармен кездесу барысында олардан, «Салымдардың сақталуына кепілдік бола ма?» деген сауал көп қойылды. Сол сияқты халықтың басым бөлігін депозитті бір банктен екінші банкке ауыстыруға қатысты сұрақтар қызықтырды. Жеке тұлғалардың басқа салымдары секілді білім беру жинақтау депозиті де 5 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде Депозиттерді кепілдендіру қорымен сақтандырылған. Салымды МБЖЖ-ға қатысатын басқа банктердің арасында бір-біріне аудару жағы да қамтамасыз етілген. Бірақ бір шарт бар: білім беру жинақтау депозиті бастапқы ашылған банкте кемінде бір жыл сақталуы тиіс.Сіздіңше, халықтың жүйеге қарым-қатынасы қандай? Халықты ақпараттандыру барысында көптеген жақсы пікірлер айтылды. Мемлекеттің бұл бастамасы тұрғындар тарапынан жақсы қолдау тапты. Телеарналарда, радиоларда, газет-журналдар мен электрондық БАҚ-та ақпарат тарату түріндегі барлық жарнамалық іс-шаралардан бөлек Қаржы орталығының қызметкерлері өңірлерге барып халықпен тікелей кездесулер өткізді. Осының шеңберінде Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ облыс орталықтарында 300-ге жуық таныстырылым өткізілді.

Жалпы, аймақтарда жүргізілген жұмыстардың нәтижесі халық арасында қаржылық сауаттылық пен қаражат жинақтау мәдениетінің төмен деңгейде екенін көрсетті. Тұрғындар келешекті жоспарлап, мемлекетпен бірге білім алуға ақша жинаудан гөрі көбіне банктен дайын несиені алып, оны қайтадан банктерге бірнеше пайыз өсімімен қайтаруға бейім тұрады. Меніңше, халықты стратегиялық жоспар құрып, ұзақ мерзімді мақсаттарға қаражат жинақтауға үйрету бір күнде жасалатын жұмыс емес.

-Білім беру депозиті жеке тұлғалардан басқа кімді қызықтыруы мүмкін?

— Қайырымдылық қорларына, өз қызметкерлерін оқытуға мүдделі ұйымдар мен компаниялар түріндегі жұмыс берушілерге. Бұған Назарбаева Сара Алпысқызы басшылық ететін «Бөбек» қорының акциясы үлгі бола алады. Бұл науқан шеңберінде балалар үйлерінде тәрбиеленетін 7 мыңға жуық баланың атына білім беру жинақтау салымдары ашылды. Яғни, бұл Қазақстандағы жетім балалардың 90 пайызы келешекте, тіпті мемлекеттік грантқа ие бола алмаған жағдайда да, ЖОО-да немесе колледжде білім алуға кепілдік алды деген сөз. Мұндай рақымшылық шара ата-анасының мейірімінен, қамқорлығынан айырылған балалар үшін жарқын болашақтың іргетасын қалайды. Сонымен қоса, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жай азаматтарды ғана емес, Қазақстанның бизнес қоғамдастығының өкілдерін, көрнекті қайраткерлерін мұқтаж балаларға білім беру жинақтау салымдарын ашуға тарту мақсатында «Өзіңнен баста!» қайырымдылық акциясы басталды. Қазірдің өзінде бұл науқанға бірталай адам қатысып, балалардың пайдасына жинақ шоттары ашылды.

-Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Аян Батыр

 

Яндекс.Метрика