Новости

24

ноя

24.11.2017

В Актобе открыли кафе, в котором бесплатно кормят студентов...

21

ноя

21.11.2017

Проведена встреча с представителями Казахстанско-Британског...

20

ноя

20.11.2017

Бесплатно ездить в общественном транспорте смогут школьники...

17

ноя

17.11.2017

Больше иностранных студентов хотят привлечь в Казахстан ...

Ана тілі

Баланың болашағына қажет

Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақтың келешекте жоғары білім алуы үшін ақшаны үйдегі сандыққа немесе банктегі депозитке жай салып қана қоймай, оны арнаулы депозитте сақтап, көбейтуге мүмкіндік жасалып отыр. Мұндай салымдар банктің сыйақысымен қоса мемлекет сыйақысымен көтермеленіп тұрады. Осы мақсатта 2013 жылдың маусым айында елімізде білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа қолдау көрсетудің жаңа бағдарламасы – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылған болатын. Аталмыш жүйе елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелде білім алу үшін қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.

Салымшыларды қызықтыратын басты сұрақ – салымның сақталуы және кепілдік мәселесі екені түсінікті. Бұл ретте, тиісті заңда салымды сақтаудың бірнеше амалдары қарастырылған. Атап айтсақ, депозиттің бұл түрі 10 млн. теңгеге дейінгі сомада Жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру қорымен сақтандырылған. Сонымен қатар инфляция деңгейі жоғары болса немесе экономикада басқа да өзгерістер орын алған жағдайда банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысының мөлшерлемелерін өсу жағына қарай қайта қарау мүмкіндігі Заңмен көзделген. Мәселен, 2013 жылы осы депозит бойынша банктің сыйақысы 6-8 пайыз болса, қазір ол 8-10 пайызға дейін өсті.
Жалпы, халық арасында болашақта білім алуға жоспарлы түрде ақша жинақтау идеясы жақсы қабылданды. Осылай деуімізге бүгінде қатары он мыңнан асқан салым­шыларымыздың бар екені себеп болуда.
Мұндай депозитті ашуға көп құжат жинау талап етілмейді. Егер өз атыңызға білім беру жинақтау шотын ашқыңыз келсе, онда қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болса жеткілікті. Ал егер шотты балаңыздың атына ашатын болсаңыз, оның туу туралы куәлігі мен ЖСН қажет. Бұл депозитті жас ерекшелігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы аша алса да, халық арасында ол «балалардың білім алуына арналған шот (салым)» ретінде кең танымал. Сондықтан да, өз балаларының болашағын ерте жастан жоспарлайтын ата-аналар тарапынан оған деген қызығушылық жоғары болып отыр.
Бүгінде мұндай депозитті әзірге тек 3 екінші деңгейлі банкте ашуға болады. Олар БТА, Халық банкі және Цеснабанк. Әр банк жылдық 8-ден 10 пайызға дейінгі мөлшерде өз сыйлықақысын есептейді және бір жылда бір рет жинақталған жалпы сомаға 5-тен 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекеттен сыйлықақы аударылады. Жақын арада жүйеге қатысушы банктердің қатарына еліміздің басқа да ірі банктері қосылмақ.
Қажетті қаражатты жинақтау үшін отбасылық бюджетке үлкен ауыртпалық түсірмейтін белгілі бір соманы салым ретінде салып отыру керек. Туындаған сауалдарға байланысты банкке келіп менеджерден кеңес ала аласыз. Ол сізге қажетті соманы өзіңізге ыңғайлы мөлшерде, тез әрі тиімді жинақтаудың амалдарын есептеп түсіндіреді.

Риад Шариман,
«Қаржы орталығы» АҚ
вице-президенті

Астана


Яндекс.Метрика