Новости

24

ноя

24.11.2017

В Актобе открыли кафе, в котором бесплатно кормят студентов...

21

ноя

21.11.2017

Проведена встреча с представителями Казахстанско-Британског...

20

ноя

20.11.2017

Бесплатно ездить в общественном транспорте смогут школьники...

17

ноя

17.11.2017

Больше иностранных студентов хотят привлечь в Казахстан ...

атырау

ҮЛКЕН БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫҮЛКЕН БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық қамқорлықтағы балаларға арналған оқу қорын ашу мәселесі туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ-ның Білім  беру несиелеріне кепілдік беру және жобаларды дамыту департаментінің қызметкерлері Динара Отанова мен Данагүл Сүлейменова жиналған жұртшылыққа түсінік берді.


Данагүл Сүлейменованың айтуынша, осыдан шамамен екі жыл бұрын елімізде 2013 жылғы 14 қаңтарда қол қойылған заңды іске асыру шеңберінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылды. Басты мақсат – ақылы білім алушы халыққа қолдау көрсету. Оның бастамашысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болып табылады. Ол өзінің 2011 жылғы халыққа Жолдауында: «...Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуы тиіс» деген болатын.

 Белгілі болғандай, білім беру жинақтау салымына 8% -дан 10%-ға дейінгі мөлшерде банктің сыйақысынан бөлек 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Бұл оның басқа депозиттерден басты артықшылығы болып табылады. Басымдылықты санатқа жататын салымшылар, оның ішінде: жетім балалар, мүгедек балалар, аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мемлекет сыйлықақысын 7% мөлшерде алады. Ал, басқа салымшыларға мемлекет сыйлық-ақысы 5% мөлшерде есептелетін көрінеді.

Бүгінгі таңда білім беру жинақтау депозитін төрт банкте: «Fortebank» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Цеснабанк» АҚ-да ашуға болады. Жуырда жүйеге қатысушы банктердің қатары көбеймек. Мысалға, қазір «Нұрбанк» АҚ-мен алдын ала уағдаластық бар, сондай-ақ, «Ресей Жинақ банкі» ЕБ-мен және «ВТБ Банк» АҚ ЕБ-мен (Қазақстан) келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің көмегімен тұрғындар өздерінің білім алуға шығыстарын жоқ дегенде 40%-ға қысқарта алады. Ал, грантқа оқуға түскен жағдайда салымдағы барлық жинақталған қаражат мемлекеттен түскен сыйлық-ақымен және банктің сыйақысымен бірге толықтай салымшының иелігіне өтеді. Салымшы бұл қаражатты қолма-қол ақшалай алуға, жинақтауды жалғастыруға немесе үшінші тұлғаның атына қайта ресімдеуге құқылы. Осылай, мемлекетіміз оқушылардың жақсы оқып, білім грантын алуға ынтасын қолдап отыр.

Сара Назарбаева басшылық ететін «Бөбек» қорының акциясы жұртшылыққа, соның ішінде кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына үлгі бола алады. Бұл науқан шеңберінде балалар үйлерінде тәрбиеленетін 7 мыңға жуық баланың атына білім беру жинақтау салымдары ашылды. Биылғы жылы тағы да 803 балаға есепшот ашылмақ. Яғни, бұл Қазақстандағы жетім балалардың 90 пайызы келешекте, тіпті мемлекеттік грантқа ие бола алмаған жағдайда да, ЖОО-да немесе колледжде білім алуға кепілдік алды деген сөз. Мұндай рақымшылық шара ата-анасының мейірімінен, қамқорлығынан айырылған балалар үшін жарқын болашақтың іргетасын қалайды.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жай азаматтарды ғана емес, бизнес қоғамдастығының өкілдерін, көрнекті қайраткерлерін мұқтаж балаларға білім беру жинақтау салымдарын ашуға тарту мақсатында «Өзіңнен баста!» қайырымдылық акциясы басталып та кетті. Қазірдің өзінде бұл науқанға бірталай адам қатысып, балалардың пайдасына жинақ шоттары ашуда.

Қайырымдылық қорлары үшін депозиттің бұл түрі ашықтықты толық қамтамасыз етеді екен. Оның үстіне, қызметкерлерін оқытатын жұмыс берушілер осы депозит арқылы шығыстарын қысқарта алады. Жалпы, әрбір басшы қызметкерінің немесе оның баласының атына депозит ашу арқылы білім беру жинақтау салымын ынталандыру шарасы ретінде пайдалана алатын көрінеді.

  Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.
Яндекс.Метрика