Новости

20

ноя

20.11.2017

Бесплатно ездить в общественном транспорте смогут школьники...

17

ноя

17.11.2017

Больше иностранных студентов хотят привлечь в Казахстан ...

15

ноя

15.11.2017

С днем финансиста!...

14

ноя

14.11.2017

Казахстанцы стали жертвами криптовалютной аферы...

газета "Астана ақшамы"

http://www.astana-akshamy.kz/?p=5812

Жоғары білім қолжетімді бола ма

Әр ата-ана баласының бола­шақ­та ең ақылды, ең білімді, ең табысты бол­ғанын армандайды. Сондықтан осы ар­манды жүзеге асыру үшін олар мей­лін­ше күш салып, қолынан кел­генін аянбайды. Біздің елімізде ба­ланы кішкентайынан дамытып, оған білім беруге қажеттінің бәрі бар. Мем­лекет те азаматтарының бі­лімділік деңгейін көтеріп, білім алу­ды жеңілдететін, ынталандыра­тын жаңа жолдар ұсынып, осы бағыт­та ауқым­ды шара­лар қолдануда.

Бүгінде оның нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, БҰҰ деректері бойынша, соңғы он бес жылда Қазақстан әлдеқайда ілгері басқан, ал соңғы үш жылда адамның даму Индексі жағынан көрсеткіші жоғары елдердің қатарында. Яғни, халқымыздың 99,6 пайызыса-уатты. Осы белгілер бойынша, біз әлемдегі 177 елдің арасында 14 – орында, ал Азияда бірінші орында көш бастап тұрмыз.

Осылайша, бүгінде қазақстандық білім беру халықаралық білім беру кеңістігінде лайықты орын алып келеді. Дәл қазір еліміз отандық бі­лім бе­ру жүйесінің даму жолындағы саннан сапаға көшетін кезекті орасан зор кезеңге аяқ басқалы тұр. ҚР Президенті білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту кезінде «Өмiр бойы бiлiм алу» әр­бiр қазақстандықтың жеке ұстаны­­мына айналуы тиiс. Ал ол үшін мек­теп­ке дейін­гіден ғылым дәрежесі­не дейінгі білім алудың әр деңгейі ха­лыққа қолжетімді болу қажеттігін ай­рықша айтып өткен болатын.

Білімнің қолжетімділігіоның жалпы сапасының бір көрсеткіші. Осыған орай, елдегі білім берудің сапасын көтеру үшін оның қолже­тім­­ділігін арттыратын қосымша ме­ха­низм­дер қажет. Жыл сайын мем­ле­кет бі­лім беру грант­тарын кө­бей­тіп, білім бе­ру кре­дит­терінің кө­ле­мін арт­тыру үшін жағ­дайлар жасауда.

Осы ретте, соңғы екі жылда «Мем­лекеттік білім беру жинақтау жүйе­сі туралы» жаңа Заң жоба­ны дайындау және талқылау бойын­ша қызу жұмыс жүргізілді. Осы жұмыс­тар­дың нәтижесінде, 2012 жыл­дың 13 желтоқсанында Қазақ­стан Республикасының Парламент Сенаты аталмыш заңжобаны қабылдады. Ал, бұлжаңа 2013 жы­лы қазақстандық азаматтардың өз болашағын сенімдірек жос­пар­лауға мүмкіндігі болады деген сөз. Өйткені, мемлекет білім алуға қа­ражат жинау үшін жағдай жасауда, сонымен бірге мұндай салымдарға мемлекеттік сыйлықақылар бөліп оларды құптап отыр.

Қоғамымыздың жаңа енгізулерге сақтықпен қарайтыны белгілі. Әри­не, білім беру жинақтау жүйесін ен­гізу кезінде мемлекет халықтың оқу­ға қа­ражат жинауға қарсы, жағымсыз, сынды көзқарасына ұшы­рауы әбден мүмкін. Өйткені, қоға­мымыз үшін білім беру салым­дарын жасап, қаражат жинаубі­лім беруді қаржыландырудың таң­сық, үйреншіксіз құралы. Әйт­се де, әр аза­мат мемлекеттің өз азамат­та­ры­ның лайықты білім алуына аса мүд­делі екендігін білуге тиіс.

Ендеше жаңа жинақтау жүйесі салым жасап, қаражат жинау арқылы жақын болашақта оқу ақысын төлеуге қосымша жағдай жасайды және мемлекеттік гранттар мен білім беру кредиттерімен қатар жұмыс істейтін болады. Жастар әр­қашан тегін білім алуға үміткер бола алады. Ал, ол үшін күрделі сынақтан және қатаң байқаудан сүрінбей өтіп, ерекшелігіңді дәлелдеуге тура келеді. Бұл жаңа заң талапкер білім беру грантын иеленбеген жағдайда ата-анаға өз баласын сақтандыруға мүм­кіндік береді. Есеп-шотта жет­кі­лік­ті қаражат болса, қалаған ЖОО жә­не маман­дықты таңдауға болады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі екінші деңгейдегі банктер арқылы қызмет етеді. Салымшы ұсына­тын шарттары өзінің қажет­тілік­тері мен мүмкіндіктеріне сәй­кес келетін банкті таңдай алады, яғни, банк таңдауда салымшыға толық ерік беріледі. Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сы­ның кез келген азаматы жас ерек­ше­лігіне қарамастан салым­шы болуға құқылы. Ол қа­тысу­шы банкпен мемлекеттік бі­лім беру жинақ­тау салымы туралы шарт жаса­сып, шот ашады. Шарт бала­ның атына жаса­лады, бірақ ол салымдағы қаражатты жұмсауға қабі­лет­ті болғанша оның мүддесіне бала­ның ата-анасы, не өзге заңды өкіл­дері өкіл­дік етеді.

Осыдан кейін жинақтаудың мүм­кін болатын мерзімін, болжанатын сомасын және салымдардың уақы­тын белгілеп, есеп-шотқа салым жа­сап тұру қажет. Салымды ашу кезінде 3 АЕК көлемінде ең аз салым жасау қажет. Бұл шамаменмың теңге.

Банктік салым шартында әр қа­тысушы банк нарықтағы жағдай мен банктің саясаты негізінде жеке ұсына­тын банктің сыйақы мөл­шерлемесі белгіленеді. Мемлекеттік сыйлықақының мөлшері – 5%, басым санатқа жататындарға – 7%. Мұндай санатқа жетім балалар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардағы балалар, мүгедектер сияқты әлеуметтік көмекті көбірек қажет ететін азаматтар жатады. Алайда, әр салымшы мемлекеттен жылына 100 ЕАК аспайтын сома алуға құқылы.

Бұл қор тек қана білім алуға жұм­салуы мүмкін. Жиналған қара­жат­тың басқа ешқандай мақсаттарға пайда­ла­нылуы мүмкін емес және кейбір ерекше жағдайларды есептемегенде, салымшының қолына берілмейді. Бұл жердегі «ерекше жағдайлар» салымшы қаза болған, сот оны «хабарсыз кеткен», «әре­кет­ке қабілетсіз» немесе «қай­тыс болды» деп жариялап, таны­ған немесе оның денсаулық жағ­дайы­на байланысты оқуын жал­ғас­ты­руға қабілеті болмаған жағдай­лар, сондай-ақ салым­шының грант­қа түсуі болып табылады. Салым мерзімінен бұрын алынатын болса, немесе басқа мақсатта пайдала­нылса, мем­лекеттік сыйлықақы бюд­жетке қайтарылады. Яғни, са­лым­­шыға жина­ған қара­жатын банк­тің сыйақысымен бірге, бірақ мем­ле­кет­тік сый­лық­ақы­сыз алуына болады.

Егер жиналған қаражат оқудың ақысын төлеуге жеткіліксіз бол­ған жағдайда салымшы екінші дең­­гей­дегі банктен мемлекеттің жүз­­пайыз­дық кепілдігімен жетпей тұр­­ған со­маға бі­лім беру кредитін ре­сім­дей алады.

Бұған қоса, салымшыларға са­­лық же­ңілдіктері ретінде, салым­дар бойын­ша мемлекеттік сый­лық­ақы­лар жеке табыс салы­ғынан босатылады. Сонымен қатар, білім беру жи­нақтау салымдары депозиттерді міндетті кепілдендіру нысаны болып табылады, сондықтан қатысу­шы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, салымшы 10 млн. теңге шамасында кепілдікті өтемақы алу­ға құқылы.

Мемлекеттік қолдаудың нәтиже­лі­лігі мен жүзеге асырылуы көпте­ген жағдайда қоғамымыздың сана­лы­­лығына, яғни, қазіргі заманда бар­лық жерде, оның ішінде білім бе­ру­де де бәсекелестіктің барын түсі­ну дайын­­дығына байланысты. Осы­ған орай, отбасылық жоспар­лаудың басым бөліктерінің бірі ретінде бала­ларының білім алуына салым жасаудың маңыздылы­ғын және олар­дың да өз баласын жоғары бі­лім­­мен қамтамасыз етуге мемле­кет­­пен бірдей жауапты екенін, сон­дай-ақ, мем­лекеттің осы үшін жасап отыр­ған мүм­кін­дік­те­рін пай­дала­ну­дың артықшылықтарын ұғынғандары жөн.

Қаражат жинау, грантқа түсу, бі­лім беру кредитін алу немесе оқуды өз қаражатынан төлеу сияқты білім алудың қандай әдісін таңдайтынын халық өзі шешеді. Ал, Білім және ғылым министрлігінің ең негізгі жұмысы алда, олжаңа салымдар жүйесін іске қосып, оның толық қызметін қамтамасыз ету.

Әлия ОМАРОВА,
«Қаржы орталығы» АҚ

Яндекс.Метрика