Толық ақпарат
«AQYL» білім беру жинақтау салымдары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында құрылған. Бұл – Қазақстан азаматтарына жеке білім алуына және балаларының білім алуына ақшалай қаражат жинауға мүмкіндік беретін бірегей білім беру депозиті. «AQYL» білім беру салымдары – Сіздің болашаққа деген сеніміңізді арттыратын тиімді қаржы салымы, бұл дегеніміз – 100% мемлекеттік сақтандыру және Қазақстанның әрбір азаматы үшін қолжетімділік.
«AQYL» депозитінің артықшылықтары:
· Басты артықшылығы – 12%-ға дейінгі банк сыйақысымен қатар, салымдарға мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, ал халықтың басымдықты санаты үшін – 7%.
· Бұл салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен 10 000 000 теңгеге дейінгі мөлшерде сақтандырылған.
· Мемлекеттің сыйлықақысына салық салынбайды.
· Депозит заңнама тұрғысында тыйым салудан және үшінші тараптардың өзге шектеулерінен қорғалған.
Грантқа оқуға түскенжағдайда салымшы келесілерді жасауға құқылы болады:
1. Қаражат жинауды жалғастыру;
2. Қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру салымына аудару;
3. Білім берудің басқа деңгейлерін (магистратура) төлеу үшін пайдалану;
4. Банк сыйақысымен және мемлекеттің сыйлықақысымен бірге бүкіл қаражатты алу.
Салымдар статистикасы:
Салымдар саны |
20 733 |
Салымдар сомасы |
22,3 млрд тг. |
Мемлекеттік сыйлықақы статистикасы:
2015 |
4 млн тг. |
2016 |
325,5 млн тг. |
2017 |
566,9 млн тг. |
2018 |
757,4 млн тг |
2019 |
915,5 млн. тг. |
2020 |
1 068 млн. тг |
Жиыны: |
3,6 млрд тг. |
Келесілермен келісімдер жасалды:
Жоғары оқу орындарымен |
110 |
Колледждермен |
550 |