Бакалавриатты жұмыспен өтеу
Бакалавриат
-
1. Ауыл квотасы
Педагогикалық мамандықтар — жас мамандар ауылдық жерде орналасқан, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында (мектептер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, музыкалық мектептер, интернаттар, балабақшалар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
Медициналық мамандықтар — жас мамандар ауылдық жерде орналасқан, меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында (медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, отбасылық денсаулық орталықтары, ауылдық елді мекендер мен ауылдық округтердегі МСАК орталықтары, ауылдық елді мекендері бар аудандарда құрылатын аудандық емханалар мен аудандық ауруханалар) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
Ветеринариялық мамандықтар — жас мамандар ауылдық жерде орналасқан, меншік нысанына қарамастан ветеринариялық ұйымдарда, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
Ауыл шаруашылығы мамандықтары — жас мамандар ауылдық жерде орналасқан, меншік нысанына қарамастан аграрлық бейіндегі ұйымдарда үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
-
2. Мемлекеттік тапсырыс
Педагогикалық мамандықтар — жас мамандар меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында (мектептер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, музыкалық мектептер, интернаттар, балабақшалар, колледждер және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
Медициналық мамандықтар — жас мамандар меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында (емханалар, ауруханалар, стоматологиялық клиникалар, медициналық орталықтар, шипажайлар және т.б.) үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
-
3. Мемлекеттік тапсырыс (басқа мамандықтар)
Жас мамандар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда үш жыл немесе мөлшерлес жұмысты өтеуге міндетті.
МББН-дан гранттарға ауыстыру
Президенттің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі №648 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру кредиттері бойынша оқыған студенттер 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру кредиттерінен мемлекеттік білім беру гранттарына ауыстырылған студенттер кредитті қайтарудан босатылмайды.