Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру
Ваучер — мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметтерді жан басына шаққандағы норматив көлемінде қаржыландыру үшін ата-ананың құқығы. Бүгінгі күні пилоттық жобаға қатысады 20 қала және 7 аудан.
Кезекке қалай тұруға болады?
-
Ақпараттық жүйеге өтініш беру
-
Ваучер алу кезегінде күту
-
Ваучер алған кезде келісім немесе бас тарту туралы шешім қабылдау
Ата-ана ваучермен не істеуі керек?
2 күн ішінде ваучерді пайдалануға келісім беру
Келісім
- Мектепке дейінгі ұйымды таңдау (5 жұмыс күні + 2 күн ұзартылу)
- Келісімшарт жасасу
Жауап жоқ
- Қалпына келтіру құқығымен тоқтату тізіміне түседі
- 28 күннен кейін өтініш жойылады
Бас тарту
- Өтініш жойылады
- Кезектегі орын жоғалады
Баласы ваучер бойынша балабақшаға баратын ата-ана не істеуі керек?
-
Баланың қатысу кестесін ай сайын 1-10 күндері аралығында растау
-
Келісетін болса - кестені растайды
-
Келіспесе - растау себебін жазып, растау құжаттарын қосу (бар болса)
Қалаған балабақшада бос орын болмаса не істеу керек?
-
Басқа балабақшаға уақытша тіркелуге болады
-
Қалаған балабақшаға күту тізіміне өтініш беру
-
Орын пайда болған жағдайда, қалаған балабақшаға ауысу мүмкіндігі бар
Балабақшаны қалай ауыстыруға болады?
-
Балабақшадан шығу
-
5 күн ішінде басқа балабақшаға тіркелу (кезекке қайтадан тұрудың қажеті жоқ)
-
Тіркелмеген жағдайда, 5 күннен кейін ваучер жойылады
Статистика
1. Қаржыландыру мерзімдері
Ағымдағы ай қашан қаржыландырылады?
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қаражаты шарттың барлық талаптары уақтылы және дұрыс сақталған жағдайда (табельдерді, актілерді ұсыну, ЭШФ салыстыру және т.б.) ай сайын ағымдағы айдың соңына дейін төленеді.
Қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлау кезінде осы регламенттік мерзімді ескеруді сұраймыз.
2. Құжаттар мен техникалық мәселелерге арналған ресми пошта
Мәселелерді жедел шешу үшін өтініштерді арнайы мекенжайға жолдаңыз: fincenter@fincenter.kz
Осы мекенжай арқылы мыналар қабылданады:
- Деректемелерді ауыстыру (банктік шотты, БСК-ны, заңды мекенжайды, атауды өзгерту);
- Қол қоюшыны / бірінші басшыны ауыстыру (тағайындау туралы бұйрықтар, құрылтайшылардың шешімі);
- Ай сайынғы есептің болмауы / кешігуі;
- Өзге де техникалық және операциялық мәселелер.
Ескертпе: Хаттың тақырыбында ұйымның БСН-ін және өтініштің тақырыбын міндетті түрде көрсетіңіз (Мысалы: «БСН 123456789012 — Деректемелерді ауыстыру»).
3. Тікелей байланыс (Мектепке дейінгі бағыт)
- Телефон: 8 (7172) 69-50-45
- Ішкі нөмір: 187
- Ішкі нөмір: 320
4. Төлемдерді уақтылы алуға арналған чек-парақ
Қаржыландыру уақтылы (ай соңына дейін) түсуі үшін мыналарға көз жеткізіңіз:
- «Қаржы орталығы» АЖ-да есепке қол қойылды.
- Орындалған жұмыстар актілеріне алшақтықсыз ЭЦҚ арқылы қол қойылды.
- «Қаржы орталығы» АЖ-да ЭШФ салыстыру жүргізілді («ЭШФ-мен жұмыс» қойындысы).