Жиі қойылатын сұрақтар
ЖМ жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде төлемдер 12 ай немесе тек оқу жылы жүргізіледі ме?
Қаржыландырудың жылдық жан басына шаққандағы нормативі 9 ай ішінде (қаңтардан мамырға, қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңдерде)төленеді
мортизациялық шығындарды төлеудің 8 жылдық мерзімін есептеу қай сәттен басталады (құрылыс/реконструкция үшін)?
Ғимараттың (А2) амортизациясына арналған шығыстар нормасы жиырма жыл мерзімге жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгерту құқығына ауыртпалық салынғаннан кейін білім беру ұйымдарына 8 жыл ішінде төленеді.
Белгілі бір аймақта/елді мекенде оқушы орындарының тапшылығы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
«Статистика» қойындысының «Тапшылық» бөлімінде барлық облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда оқушы орындарының тапшылығы туралы мәліметтер орналастырылған. Нақты елді мекенде толық ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдарға (Білім бөлімдеріне) жүгіну қажет.
Мемлекеттен амортизациялық шығындар бойынша өтемақы алу үшін (жаңа мектепті салу/реконструкция кезінде) шығыстар туралы чектерді, АӘК, ЖСҚ және басқа құжаттарды ұсыну қажет пе?
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде салу және (немесе) реконструкциялау арқылы жаңадан енгізілген оқушы орындары және (немесе) тұруға арналған орындары бар жекеменшік білім беру ұйымдары қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
-- оператор бекіткен нысан бойынша оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі;
--Сәулет қызметі туралы Заңның 60-бабына сәйкес әзірленген және бекітілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісіне жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы не объектіге меншік құқығы туралы сот актісі;
-- Сәулет қызметі туралы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға беру күнін растайтын салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
-- реконструкциялау кезінде Сәулет қызметі туралы Заңның 34-4-бабының 4-тармағына сәйкес реконструкциялауға жататын ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды.
Амортизациялық шығындарды алу үшін объектіні қандай нысаналы мақсатты мақсатпен пайдалануға беру керек?
Ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасын алу үшін әлеуетті өнім беруші «орта білім беру ұйымының объектісі» және/немесе «мектеп» нысаналы мақсатымен орта білім беру ұйымының объектісінде жаңа оқушы орындарын салу немесе реконструкциялау жолымен енгізуді қамтамасыз етуі және көрсетілген нысаналы мақсатын кемінде жиырма жыл мерзімге өзгертуге құқық ауыртпалығын тіркеуі қажет.
Неліктен нысаналы мақсатты өзгертуге ауыртпалық салу мерзімі 20 жыл?
Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес ғимаратты пайдаланудың ең аз мерзімі 20 жылды құрайды.
20 жылдан кейін ғимарат кімнің меншігінде қалады?
Орта білім беру ұйымының объектісі бүкіл уақыт бойы кәсіпкердің жеке меншігінде болады және нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалық мерзімі өткеннен кейін мемлекет меншігіне өтпейді.
Егер мектеп мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды алса, ата-ананың оқу ақысын алуға бола ма?
«Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығына сәйкес ата-ананың төлем мөлшері қазақстандық оқыту бағдарламасы бар мектептердегі бір оқушы үшін жылына 1200 АЕК-тен және халықаралық оқыту бағдарламасы бар мектептер үшін жылына 2400 АЕК-тен аспауға тиіс.
Білім беру қызметіне лицензия алу үшін қайда жүгінуге болады?
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жүзеге асырады. Өтініш электрондық лицензиялау порталы арқылы беріледі - elicense.kz.
Жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қашан өтініш беруге болады?
Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты оператор жыл сайын ресми интернет-ресурста орналастырады:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;
2) орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында операторға алғаш рет өтініш беретін жеке білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – оператор дербес белгілеген мерзімде