Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған өтініштер мен құжаттар тізбесі
Өтініш нысаны
Өтінішпен бірге ұсынылатын құжаттардың тізбесі
1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерін және қызметтің кіші түрлерін (түрлерін) жүзеге асыру үшін білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайын қамтитын қосымшамен бірге нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қолданыстағы лицензияның көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде есеп шотының болуы туралы анықтама;
4) жекеменшік білім беру ұйымы басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның жекеменшік білім беру ұйымында оқығаны үшін ата-аналық төлемақының мөлшерін бекіту туралы шешімінің көшірмесі;
5) Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жекеменшік білім беру ұйымдары үшін - дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттар;
6) Әдістемеде (бұдан әрі – Әдістеме)* көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген оқушы орындары және (немесе) тұруға арналған орындары бар жеке білім беру ұйымдары үшін - Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген құжаттар.
Бұл ретте Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде қайта жаңарту арқылы жаңадан енгізілген оқушы орындары бар ғимаратты пайдаланудың шекті мерзімі осы объектіге бастапқы өтініш берілген күнге 30 (отыз) жылды құрайды;
7) Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген тұру орындары бар жекеменшік білім беру ұйымдары үшін - Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернаттық ұйым туралы мәліметтер.
Бұл ретте Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде тұру үшін қайта жаңарту арқылы жаңадан енгізілген орындары бар ғимаратты пайдаланудың шекті мерзімі осы объектіге бастапқы өтініш берілген күнге 30 (отыз) жылды құрайды;
8) ол туралы мәліметтер заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ұсынылған анықтамада көрсетілген өтінішке басшының қол қоюын қоспағанда, жекеменшік білім беру ұйымының өтінішіне қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат
Құрылыс кезінде өтінішпен бірге ұсынылатын құжаттардың тізбесі
1) оператор бекіткен нысан бойынша оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі;
2) Сәулет қызметі туралы Заңның 60-бабына сәйкес әзірленген және бекітілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісіне жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы не объектіге меншік құқығы туралы сот актісі;
3) Сәулет қызметі туралы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға беру күнін растайтын салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі
4) интернаттық ұйым туралы өтініште және мәліметтерде көрсетілген (бар болса) жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын кемінде жиырма жыл мерзімге өзгерту құқығының тіркелген ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
5) интернаттық ұйым туралы өтініште және (немесе) мәліметтерде (бар болса) көрсетілген жеке білім беру ұйымының объектісіне тіркелген құқықтардың болуы не болмауы туралы, оның ішінде құқықтың түрі, құқық иеленуші, құқықтың туындау негізі, сондай-ақ құқықты тоқтату негізі (бар болса) жөнінде құқықтық кадастрдан алынған мәліметтер
Реконструкция кезінде өтінішпен бірге ұсынылатын құжаттардың тізбесі
Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың орындары және (немесе) тұру орындары (А2 және А3) үшін өтінішке қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
1) оператор бекіткен нысан бойынша оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі;
2) Сәулет қызметі туралы Заңның 60-бабына сәйкес әзірленген және бекітілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісіне жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы не объектіге меншік құқығы туралы сот актісі;
3) Сәулет қызметі туралы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға беру күнін растайтын салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
4) реконструкциялау кезінде Сәулет қызметі туралы Заңның 34-4-бабының 4-тармағына сәйкес реконструкциялауға жататын ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды;
5) интернаттық ұйым туралы өтініште және мәліметтерде көрсетілген (бар болса) жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын кемінде жиырма жыл мерзімге өзгерту құқығының тіркелген ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
6) интернаттық ұйым туралы өтініште және (немесе) мәліметтерде (бар болса) көрсетілген жеке білім беру ұйымының объектісіне тіркелген құқықтардың болуы не болмауы туралы, оның ішінде құқықтың түрі, құқық иеленуші, құқықтың туындау негізі, сондай-ақ құқықты тоқтату негізі (бар болса) жөнінде құқықтық кадастрдан алынған мәліметтер
Маңызды
Өтінішпен бірге операторға электрондық pdf (пдф) форматында анық оқылатын түрде, бастапқы түпнұсқаға толық көшірмесіне сәйкес келетін құжаттарды ұсынады.
Өтініш қоса берілген құжаттармен бірге беріледі және мынадай тәсілдермен жіберілед:
1) электрондық поштаға p.schoolinvest@gmail.com
2) оператордың сайтына www.schoolfinancing.fincenter.kz