Қаржы саласы қызметкерлері күні құтты болсын!
«Қаржы орталығы» АҚ қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Еліміздің қаржы саласы – экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамудың маңызды тірегі. Қаржы мамандарының біліктілігі мен жауапты еңбегі ел экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып келеді.
Кәсіби мерекеге орай «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Шолпан Утельбаева қаржы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қоғам ұжымы Басқарма төрағасы Шолпан Ануарбекқызы мен қаржы саласындағы барша әріптестерімізге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!
Кәсіби мереке құтты болсын!