Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

AIU-де мемлекеттік білім беру гранттарын міндетті түрде жұмыспен өтеу мәселелері бойынша кездесу өтті

5 Қараша 2026 5

2026 жылғы 5 қарашада Астана халықаралық университетінде (AIU) педагогикалық білім беру бағдарламаларының түлектері мен «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға республикалық бюджет қаражаты есебінен білім алып жатқан 150-ге жуық түлек қатысты.

Кездесуді жастар саясаты және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Есбол Есенбайұлы Мұханбетқалиев құттықтау сөзімен ашып, болашақ педагогтердің мемлекеттік білім беру гранттарын жұмыспен өтеу міндеттемелері мен алдағы жұмысқа орналасу мәселелері туралы хабардар болуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері мемлекеттік білім беру гранттарын міндетті түрде жұмыспен өтеудің тәртібі мен шарттарын, қолданыстағы заңнама талаптарын, сондай-ақ жұмыспен өтеу міндетінен босату және кейінге қалдыру негіздерін түсіндірді.

Жас мамандарды жұмысқа орналастыру және мемлекет алдындағы міндеттемелерді орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесудің негізгі мақсаты – түлектердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.

← Все новости

Актуальные новости