Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

«Қаржы орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі комитетінің жаңа құрамдағы алғашқы отырысы өтті

13 Қазан 2026 7

«Қаржы орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі комитеті жаңарған құраммен алғашқы отырысын өткізді.

Комитеттің жаңа құрамына корпоративтік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру аясында конкурстық іріктеуден өткен тәуелсіз директорлар енді. Бұл өзгеріс шешім қабылдау үдерісіндегі тәуелсіздік пен ашықтықты күшейтіп қана қоймай, Қоғамның стратегиялық бағытын айқындау мен тәуекелдерді басқару сапасына да жаңа талаптар қояды.

Алғашқы отырыстың өзегіне «Қаржы орталығы» АҚ-ның Даму жоспары арқау болды. Комитет мүшелері Қоғам қызметінің негізгі басымдықтары мен алдағы кезеңдегі стратегиялық міндеттерді егжей-тегжейлі талқылап, даму жоспарына қатысты ұстанымдарын ортаға салды.

Отырыста бухгалтерлік есеп саласына қатысты ішкі нормативтік құжаттарды жаңарту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар пысықталып, есеп жүргізу тәртібін жетілдіру және ішкі талаптарды бүгінгі талаптарға сәйкестендіру мәселелері сөз болды.

Комитеттің жаңа құрамдағы алғашқы отырысы «Қаржы орталығы» АҚ-дағы корпоративтік басқару жүйесін жаңғырту ісіндегі маңызды қадам болды. Ендігі жерде Комитет стратегиялық шешімдердің сапасын арттыруға, ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындауға және тәуекелдерді басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға баса мән береді.

← Все новости

Актуальные новости