Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

«Қаржы орталығы» АҚ тарифтері бойынша қоғамдық тыңдау өтті

13 Қазан 2026 10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арнайы құқық субъектісі – «Қаржы орталығы» АҚ өндіретін және (немесе) жүзеге асыратын (саудалайтын) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге байланысты бағаларды белгілеу (өзгерту) мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдау өткізді.

 Жиында компанияның қызмет бағыттары, операторлық функцияларды қаржыландыру тетігі және қызмет құнын есептеу тәсілдері таныстырылды. Аталған мәселелер бойынша «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Шолпан Утельбаева мен оның бірінші орынбасары Кенжегүл Ерекешева баяндама жасады.

 Компания арнайы құқық субъектісі мәртебесінде қызмет көрсететіндіктен, оның шығындарын есепке алу мен қызмет бағасын белгілеуге ерекше талаптар қойылады. Атап айтқанда, реттелетін қызметтердің шығындары жеке есептеліп, әр функцияны орындауға жұмсалатын еңбек көлемі ескеріледі. Ал қызмет құны экономикалық тұрғыдан негізделген және тиісті құжаттармен расталған шығындар негізінде айқындалады.

 Қоғамдық тыңдауда компания жұмысын жетілдіру мәселелері де сөз болды. Операторлық процестерді цифрландыру, әдіснамалық тәсілдерді дамыту, қаржылық-талдамалық құралдарды жетілдіру және қызметтердің құнын есептеу тетіктерін оңтайландыру алдағы жұмыстың маңызды бағыттары ретінде аталды.

 Жиынға Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Қоғамдық тыңдау арнайы құқық субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын белгілеу тәртібі аясында ұйымдастырылды. Мұндай талқылаулар қызмет құнын қалыптастыру қағидаттарының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

← Все новости

Актуальные новости