«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері жекеменшік білім беру ұйымдары педагогтерінің форумында
2026 жылғы 27 қазанда Астана қаласында «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері «Реттеу, стандарттар және қолдау» тақырыбында жекеменшік білім беру секторы педагогтерінің республикалық форумына қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Әділет» республикалық жекеменшік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.
Форум мемлекеттік органдардың, жекеменшік білім беру ұйымдарының, салалық қауымдастықтардың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді.
Іс-шара барысында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, жекеменшік білім беру ұйымдарын қаржыландыру тетіктері, саланы реттеу, педагог кадрларды даярлау және білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.