Астана қ., 010000, Мәңгілік Ел даңғ. 18
8 8000 802 828
KK

Біз туралы

ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ FINANCE CHESS CUP – 2026 ТУРНИРІНІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА ЕНДІ

31 Қазан 2026 6

   Астанада 30-31 қазан күндері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Finance Chess Cup – 2026 турнирінің финалдық кезеңі өтті.

 Жарысқа мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 150 өкілінен құралған 50 команда қатысты. Ұлттық валюта күніне орайластырылған турнир биыл екінші рет ұйымдастырылды. Биыл қатысушылар құрамы кеңейіп, жарысқа алғаш рет Жоғары аудиторлық палатаның, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Ұлттық экономика министрлігінің командалары қосылды.

 Биылғы турнирге Қаржы орталығының командасы да алғаш рет қатысып, Ерғали Ережепов, Талғат Ақбаев және Гүлжан Мәженова сынды Қоғам қызметкерлері бақ сынады. Жеке есепте Талғат Ақбаев үздік ондыққа енді.

 Жарыс командалық форматта өтіп, әр команда екі ер адам мен бір әйелден жасақталды. Қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша тоғыз тур ойнады.

← Все новости

Актуальные новости