Жазғы демалыс кезеңінде мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына сәйкес:
20-тармаққа сәйкес: Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) мен каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау және каникулдар аяқталатын айдың соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курс білім алушыларына мемлекеттік стипендия оқуын аяқтауына байланысты оқу орнынан шығарылған күніне дейін төленеді.
22-тармаққа сәйкес: Мемлекеттік стипендия тағайындалған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидент-дәрігерлерге және докторанттарға жазғы каникул кезеңі үшін мемлекеттік стипендия екі айға (шілде және тамыз) жиынтықтап төленеді.